21 желтоқсан күні Кәсіподақтар үйінде «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің XXXIV есептік-сайлау конференциясы өтті.
Конференцияға облыстық кәсіподақтың барлық филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінің атынан 57 делегат қатысты. Конференция жұмысына Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева, «Қарағанды облысының кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Болат Жұмабеков, Қарағанды қаласының білім бөлімінің басшысы Есентай Әшім, Қарағанды облысы бойынша БАИ «Өрлеу» филиалының директоры, ф.ғ. к. Мейрамгүл Жетпісбаева, Республикалық ғылыми – зерттеу институты филиалының директоры Ардақ Омарова, педагогикалық еңбек, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері және облыстың кәсіподақ активі қатысты. Конференция делегаттары облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы лауазымына кандидаттарды талқылау мәселесіне белсене қатысты, оң жақтарын, қол жеткізілген жетістіктерін атап өтті. Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы лауазымына кандидаттарды таңдау кезінде:
Таңжарық Акижанов – кәсіподақ қозғалысының ардагері, атқару комитетінің мүшесі, Ілияс Смайыл – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жанындағы Жастар орталығының әдіскері., Талшын Оспанова – Шахтинск қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы, Азамат Секербайұлы – Қарқаралы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, Анастасия Прокопова – Қарағанды қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінің кәсіподақ комитетінің төрағасы. Сонымен қатар, Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева, «Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Болат Жұмабеков құттықтау сөз сөйледі.Конференция барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының, Қарағанды облысы әкімдігінің медальдарымен, төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен кәсіподақ белсенділері, педагогикалық еңбек ардагерлері марапатталды.
Талқылаудан кейін Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы лауазымына бірауыздан Ракишева Алмагүл Айтақазықызы сайланды.Өз кезегінде облыстық кәсіподақ ұйымының сайланған төрағасы делегаттарға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, білім беру қызметкерлерінің құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғайтынын және оларға қолдау көрсететінін атап өтті.
Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымының сайланған төрағасы Ракишева Алмагүл Айтақазықызына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда табыс, шығармашылық шабыт және сарқылмас қуат тілейміз!