2023 жылғы 21-22 желтоқсанда «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің шақыруымен онлайн режимде Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығы» татуластыру орталығының басшысы М. А. Иванова «Павлодар облысының білім беру мекемелерінде ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу» тақырыбында семинарға қатысты.
Семинар модераторы – «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Науразбаева Гүлбарам Әуезханқызы семинар бағдарламасын аша отырып, қоғамдық бірлестіктің ішкі құрылымына кіретін қалалық және аудандық филиалдарда, сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарында ұжымдық шарттар жасасу жөніндегі алдағы науқанның маңыздылығын атап өтті.
Семинар жұмысына «Павлодар облысы бойынша еңбек басқармасы» ММ басшысы Асқар Қапанұлы Қапанов, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторы Темірхан Мақсұтұлы Махомбетов, қоғамдық бірлестіктің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Гүлшат Оралқызы Жаркенова, білім беру мекемелерінің 600 – ден астам басшылары, қалалық және аудандық филиалдардың төрағалары, қоғамдық бірлестіктің ішкі құрылымына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Өз сөзінде М. А. Иванова ҚР Еңбек кодексінің «Ұжымдық шарт» 14-тарауының ережелері туралы айтып, әлеуметтік әріптестік ұғымына, әлеуметтік әріптестік деңгейлеріне, Ұжымдық шарттың құқықтық құндылығына, оның шарттарына, әзірлеудің, қабылдаудың және орындалуын бақылаудың жеті қадамына, келіссөздерден жалтарғаны немесе ұжымдық шартты сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тоқталып, ұжымдық шарттар жасасудың, оның ішінде білім беру мекемелерінде үздік тәжірибелердің мысалдарын келтірді.
Семинар қорытындысы бойынша спикерлер семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.