«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі облыс аумағындағы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнамасының қаншалықты сақталып жатқанын білу мақсатында Түркістан облысы, Ленгер қаласында орналасқан тігін фабрикасының еңбек ұжымы өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуде кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі ең алдымен тігін фабрикасының жұмысымен танысып, мұнан соң кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына аса мән берді.
Бүгінде кәсіпорында 150 адам еңбек етеді. Қызметкерлердің жұмыс істеуіне барлық қажетті жағдайлар қарастырылған. Атап айтсақ, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнамасының талаптары толығымен сақталған, қызметкерлер қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған, еңбек ақысы бойынша есептесу уақытылы және толық берілуде. Ынтымағы жарасқан кәсіпорынның үйлесімді жұмысының арқасында ұжымда еңбек даулары орын алмаған.
Тігін фабрикасының жұмысымен толық танысып шыққан кәсіподақ төрағасы кездесу соңында еңбек ұжымының жұмысына оң бағасын беріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.