«Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақовтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кеңеске отырысына өңірдегі салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен бастуыш кәсіподақ мүшелері қатысты.
Үйлестіру кеңесі отырысының қатысушыларына обылстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов үстіміздегі жылы құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымдары жайында ақпарат берді. Сонымен қатар жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру жұмыстарды одан әрі жалғастыруды және бұл бағыттағы бірқатар негізгі мәселерді атап өтті.
Биылғы жылы облыста жаңадан 31 бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылып, ондағы кәсіподақ мүшелерінің саны 1242 адамға артқан. Жалпы бүгінгі таңға облыста 1400 аса бастауыш кәсіподақ ұйымдарында 124 мың аса кәсіподақ мүшелері бар.
«ҚР Кәсіподақтар федерациясы 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялануына орай, осы жыл ішінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бағытында облыстық кәсіподақтар бірлестігі тарапынан және салалық кәсіподақ ұйымдарының атқарған жұмыстарының барысы аталып өтті.
Айтар болсақ, биылғы жылы облыстық кәсіподақтар орталығы ұйымдастыруымен Тараз қаласы мен бірқатар аудандардағы ірі және орта өндірістік кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесіне баса назар аудару мақсатында 23 кедесу өткізілген. Сондай-ақ кәсіподақтар бастамасымен барлық 10 ауданда аталған жыл аясында аудандық әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияларының отырыстары өтіп, онда өндіріс орындарында еңбек кауіпсіздігін сақтау мәселелері қаралған болатын.
Үйлестіру Кеңесін қорытындылай келе Бағлан Қарашолақов салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен кәсіподақ мүшелерін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әр салада өз қызметімен көзге түсіп жүрген бірқатар кәсіподақ мүшелерін Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Жамбыл облысы кәсіподақтар
орталығының баспасөз қызметі