Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Үздік логопед – 2023» байқауы өтті. Байқауға мектепке дейінгі ұйымдар мен аудан мектептерінің мамандары қатысты.
Сайыстың мақсаты – талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын дефектолог мамандарын анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру).
Байқаудың шартына сай қатысушылар өзін-өзі таныстыру, жетістіктер портфолиосын қорғау және ситуациялық сұрақтарға жауап беру сынды бөлімдер бойынша сынға түсті.
Байқау нәтижесінде Талдысай орта мектебінің қызметкері Назгүл Мусалим «Үздік логопед – 2023» аталымына ие болып, аудан мерейін асырды. Ал, жүлделі ІІ орын Қобда қазақ орта мектебінің қызметкері Айсұлу Алдабергеноваға, ІІІ орын «Нұрлы болашақ» балабақшасының қызметкері Құралай Омароваға бұйырды.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.