Жылдағы дәстүр бойынша Ақтөбе ферроқорытпа зауыты әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 2023 жылдың қорытындысы ретінде спорттың әр саласын бағындырған өндірістің ең үздік спортшылары мен жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді.
Спортшыларды марапаттау рәсімі денешынықтыру және сауықтыру кешеніндекең көлемде аталып өтілді. 2023 жыл бойы спорттың әр саласын бағындырып, салауатты өмір салтын қалыптастырып бұқаралық спортты дамытуғаүлес қосып, ел құрметіне бөленген үздік спортшылар мен «Ферросплавщик» спорт клубының жаттырушылары кәсіподақтың сый-құрметіне бөленді. Спорт клубында тәрбиеленіп жатқан жас спортшылар өздерінің ойындарын сахна төрінде көрсетіп салтанатты іс-шараны қыздырса, қатар-қатар сап түзеген спорттық шеру мерекені айшықтай түсті.
Спортшыларға Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдулабеков, «Қазхром «ТҰК» АҚ біріккен кәсіподақ ұйымы бірлестігінің төрағасы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқайыр Сотқаров ыстық лебіздерін білдіріп жыл қорытындысының шымылдығын ашып, үздік спортшыларды Диплом және ақшалай сыйақымен марапаттады.Сонымен үздіктің үздігі атанғандар: Кудо спорт түрінен Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы, халықаралық сайыстың бірнеше дүркін чемпионы №4 балқыту цехының сындырушысы Қайрат Жаржанов,шаңғы тебу спорт бойынша ҚР чемпионатында 2 орынды иеленген Қуаныш Сарин зауыт басшыларының қолынан диплом және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Сонымен қатар Францияның Ницца қаласында өткен дуатлонда 93 елден 2500 спортшы қатысқан дүбірлі дода да №4 балқыту цехының балқытушысы Қанат Кусаинов 2 орынды жеңіп алып мерейімізді асырған болатын. Қанат Кусаиновта зауыт басшыларының құттықтауына ие болды.
Көкшетау қаласында өткен гір тасын көтеру спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы атанған №2 балқыту цехының балқытушысы Балтабаев Айтқали да құрметтелді.
Сондай-ақ, келесі үздік спортшыларды «Ферросплавщик»спорт клубының менеджері Диас Нұрмухаметов, Денешынықтыру және сауықтыру кешенінің бастығы Вячеслав Тищенко құттықтады. Шаңғы тебу спорт туризмі бойынша ҚР чемпионатында триатлон бойынша 3-орынға қол жеткізген ЦФиОФ уатушысы – Ержан Куатов,2023 жылғы шахмат ойыны бойынша Ақтөбе облыстық чемпионатында 2- орынды иеленген және «Қазхром» спорттық ойындары спартакиадысында чемпион атанған Электр цехының ауысым шебері – Баубек Кожаниязов, Ақтөбе марафонында 3 –орынға, Ақсудағы жартылай марафонда 2-орынға, Хромтау қаласындағы ERG run fest сайысында 2-орынға қол жеткізген сервистік қызмет көрсету цехының слесарь- жөндеушісі Айбек Қуандық және осы цехтың учаске бастығы Грэплинг ойыны бойынша облыстық чемпионатта 1- орын иегері және джиу-джитсу спорт түрі бойынша облыстық чемпионатта 1- орынға қол жеткізген Ерболат Муканов, шағын футбол бойынша ҚР лигасының күміс жүлдегері қожды қайта өңдеу цехының концентраторщигі Азамат Арыстановқа диплом және ақшалай сыйақы табысталды.