Адал қызметтен құрметті зейнетке

Жаңа жыл қарсаңында жалпыстанциялық жабдықтарды пайдалану және жөндеу цехының ұжымы бірден цехтың екі еңбек сіңірген қызметкерін Салтанғазинова Гүлнасып  5-разрядты қазандықтардың (іске қосу қазандығының) аға машинисі және Ромазанов Асқар 6-разрядты слесарь-сантехниктің зейнетке шығуын атап өтті.
Салтанғазинова Гүлнасып Адиқызы станцияда 38 жылдан астам жұмыс істеді және осы уақыт ішінде ол бір жұмыс орнында жұмысі істеп, біліктілігін арттырды. Айта кету керек, станцияда Гүлнасып Әдиқызындай іске қосу қазандығының жабдығын білетін қызметкер жоқ және қазір жұмыс істейтін барлық қызметкерлер бір кездері Гүлнасып Адиқызының шәкірттері болған. 2023 жылы Гүлнасып Адиқызына «Ардагер энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы» құрметті атағы берілді.


Асқар Ромазанов өзінің еңбек жолын Екібастұз 1-МАЭС-те 2002 жылы 6-разрядты сантехник-слесарь болып бастады. Асқар Сыздықұлы өзінің негізгі мамандығы бойынша ғана емес, сонымен қатар 6-разрядты жылу желілерінің жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь ретінде де жоғары білікті және сауатты маман болып табылады. Асқар Сыздықұлы қоғамдық қызметпен белсенді айналысады, кәсіподақ ұйымында тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды.
Цех басшылығы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, «Аманат» партиясының бастауыш партия ұйымының төрағасы және цехтың барлық қызметкерлері құттықтап, алғыс айтты.