Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басшысы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға салалық кәсіподақтар филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты.


Күн тәртібінде бүгінгі таңдағы келесідей өзекті мәселелер қаралды:
1. 2023 жыл АКБ жұмысының қорытындылары
2. 2024 жылға жұмыс жоспарын талқылау
3. Үйлестіру кеңесіне құрамына өзгерістер енгізу.
4. ҚР Парламентінің мәжілісінде қаралып жатқан «Кәсіподақтар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныс беру мәселесі.
5. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбаты туралы.
6. «QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетіне 2024 жылғы жазылу науқаны туралы.
Жиында сөз алған Бауржан Алтеев 2023 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, қатысушыларды «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жылдық есебінің нәтижесімен таныстырып, атқарылған жұмыстар туралы баяндап өтті. Одан бөлек, салалық кәсіподақтар төрағаларының жыл бойы атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, өткен жылды жақсы нәтижемен қорытындыланғанын алға тартты.


Екінші мәселе бойынша 2024 жылға әзірленген жұмыс жоспары мен таныстырып, салалық кәсіподақ филиалы және жергілікті кәсіподақ ұйым басшыларына өзегерістері мен толықтырулар еңгізуге ұсыныс жасады.
Жиналыс барысында үлестіру кеңесі комиссия мүшелерінің құрамына өзгерістер еңгізілді. Атап айтқанда, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы басқа қызметке ауысуына байланысты, қазіргі таңда төраға міндетін атқарушы Қ.Оналбековті және «Су ресурстары және маркетинг» ЖШС-ң бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Суюндикова бір ауыздан сайланып, үйлестіру комиссия құрамына енді.
Күн тәртібіне сай, ҚР Парламентінің мәжілісінде қаралып жатқан «Кәсіподақтар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша талқыналып, ұсыныс беру жөнінде айтылды.
Төртінші мәселе бойынша, 2024 жыл 3 қаңтарда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбаты туралы кеңінен баяндалып, жұршіліққа таңыстырылды.
«QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетіне 2024 жылғы жазылу науқаны туралы айтылып, салалық кәсіподақ филиалдары және жергілікті кәсіподақ ұйым басшыларына жазылуға тиянақты тапсырмалар берілді.