«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті.
Жиынға салалық және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.
Күн тәртібінде келесідей өзекті мәселелер қаралды:
1. «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 2024 жылға жұмыс жоспарын бекіту;
2. Кәсіподақтар федерациясының 2024 жылға арналған міндеттер мен мақсаттар бойынша ұсыныстар (бар болса) жіберу;
3. Қордаланған мәселелер бойынша, кезекті Түркістан облысының Әлеуметтік әріптестік үш жақты комиссия отырысында қарауға ұсыныстар дайындау;
4. 2024 жылға Республика бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерімен тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапар кестесін жасау бойынша;
5. Абдурайра Манаховты «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағына ұсыну бойынша;
Кеңесте күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі қатысушылармен «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 2024 жылға жұмыс жоспарын бекіту, Кәсіподақтар федерациясының 2024 жылға арналған міндеттер мен мақсаттар бойынша және қордаланған мәселелер бойынша алдағы облыстық үш жақты комиссия отырысында қарауға ұсыныстарын дайындау жайлы сөз қозғап, кеңес мүшелеріне тиісті тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, отырыста кәсіподақ төрағасы Қызылорда облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен тәжірибе алмасу аясындағы іс-сапар кестесін тілге тиек етіп, алға қойылған жаңа міндеттерімен бөлісті.
Бұдан бөлек, кеңесте Абдурайра Манаховты «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағына ұсыну мәселесі қаралды. Кеңес мүшелері бұл ұсынысты толық қолдап, бірауыздан мақұлдады.
Жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.