Шымкент мұнай өңдеу зауытының ұжымымен кездесу өтті

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бөлімінің бастығы Әнуар Ілеспаев «Петро Қазақстан Ойл Продактс» Шымкент мұнай өңдеу зауытының ұжымымен кездесті.


Жиында зауыт қызметкерлері Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер үшін арнаулы әлеуметтік төлемді еңгізуді түсіндіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар маңыздылығы туралы пайдалы кеңестер алды.
Бұл зауыттың жұмысшылары “Химия, мұнай – химия және онымен байланысты өнеркәсіп салалары қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің филиалы – “ПетроҚазақстан Ойл Продактс”жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіподақ ұйымының құрамына кіреді.


Басқосуда АКБ төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2024 жыл – «Лайықты еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау жайлы айтып, кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету жайлы мағлұмат берді.


Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Бауыржан Қалжанов Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасындағы еңбекті қорғаудың жаңа идеологиясы: кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша ЖҚҚ таңдау, сақтандыру тарифтері, әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік құзыреттерді дамыту қалай болатындарын, мемлекеттік бақылау-кәсіптік тәукелдерді басқару туралы түсіндіріп өтті.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бөлімінің бастығы Әнуар Ілеспаев еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер үшін арнаулы әлеуметтік төлемді еңгізуді түсіндіру бойынша әдістемелік ұсынымдар, атап айтқанда Үкімет зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды әлеуметтік қолдау тетітерін әзірлеген және жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленетін түсіндірді.
Қатысушылар көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, баяндамашылармен пікір алмасып, қызмет барысында туындайтын көптеген өзекті сұрақтарына жауаптар алды.