Ұйымшыл ұжым-табысты жұмыс

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бөлімінің бастығы Әнуар Амангелдіұлы Ілеспаев «Аргос» ЖШС-ң ұжымымен кездесті.


Кездесуде АКБ төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2024 жыл – «Лайықты еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау жайлы айтып, кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету жайлы мағлұмат берді.
Сонымен қатар, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері кәсіподақ мүшелері болып табылмайтына орай, қызметкерлердің мүдделерін қорғау туралы, кәсіподақтардың жалпы рөлі, кәсіподақтарға кіру тәртібі түсіндірді.


Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Бауыржан Қалжанов Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасындағы еңбекті қорғаудың жаңа идеологиясы: сақтандыру тарифтері, әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік құзыреттерді дамыту қалай болатындарын, мемлекеттік бақылау-кәсіптік тәукелдерді басқару, бірлескен жұмыс және мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу туралы түсіндіріп өтті.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бөлімінің бастығы Әнуар Ілеспаев Үкімет зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды әлеуметтік қолдау тетітерін әзірлеген және жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленетін түсіндірді.Қатысушылар көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, қызмет барысында туындайтын көптеген өзекті сұрақтарына жауаптар алды.