Еңбекшілердің денсаулығын нығайту-кәсіподақтың қолында

Қазақстанның кәсіподақ ұйымдарының барынша көп санын қамту, еңбекшілердің салауатты өмір салтын және еңбек ұжымдарында демалуға және медициналық қызмет көрсетуге құқықтарын насихаттау, санаторий-курорттық емдеуді қолжетімді, кәсіподақтардың барлық мүшелері мен олардың отбасылары үшін міндетті ету, шипажайларды клиенттермен толтыруға көмектесу – осы миссиямен «Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне «Щучинск шипажайы» АҚ Бас директоры Бейсенбек Досжанов келді және осыған байланысты Кәсіподақтар үйінде Салалық, Жергілікті кәсіподақ ұйымдарының аумақтық құрылымдарының келесі басшыларымен және өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Бұл жиынға Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалы төрағасы – Айқын Ахметов, төрағаның орынбасары- Светлана Бейсембаева; «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалы төрағасы –  Ноян Бидайбаев, төрағаның орынбасары Сұлтан Медеубаев; Кооперация және кәсіпкерлік қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы төрайымы – Вера Бородина;«ҚАЗУГЛЕПРОФ» Салалық көмір кәсіподағының «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы-төрағасы – Евгений Буслаев,  төрағаның орынбасары Айбек Тойбеков; «Жақтау» металлургтер кәсіподағы төрағасы Виктор Щетинин;Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары мен мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы төрағасы Дархан Жүзбаев; Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының төрайымы Алмакүл Ракишева; «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалы төрайымы  Татьяна Шатохина қатысты.
Кездесуде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кәсіподақ шипажайларына, атап айтқанда, аумақтық орналасуы ыңғайлы, теңгерімді тамақтануы бар, бағалары қолайлы, адамның жалпы денсаулығына пайдалы әсер ететін озон ауасы бар «Щучинск шипажайы» АҚ-да демалушыларға қамқорлықпен және ұқыпты қызмет көрсету арқылы санаторий-курорттық емдеуге белсенді тарту жолымен еңбекшілердің денсаулығына қамқорлық жасау жөніндегі негізгі мәселелер мен тақырыптар қозғалды.
Ашық диалог барысында қатысушылар тарапынан кәсіподақ мүшелері үшін санаторий персоналының көрсетілетін қосымша қызметтері туралы ерекше қызығушылық танытты.
  Бейсенбек Досжанов барлық қатысушыларды шипажайға барғысы келетіндердің барлығына – кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларын сауықтыру бағытында ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін барынша күш жұмсалатынына сендірді.
Кездесудің қорытындысы «Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Щучинск шипажайы» АҚ арасындағы 2024 жылға арналған өзара іс-қимыл туралы шартқа қол қою болды.
«Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Болат Жұмабеков Салалық, Жергілікті кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының басшылары мен өкілдеріне жолдамаларды ресімдеу бағытында «Щучинск санаторийі» АҚ-мен шарт жасасып, өз бетінше жұмыс істеуді немесе Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығының алаңын пайдалануды ұсынды және кездесуге қатысқандардың барлығына еңбекшілердің денсаулығын қорғаудағы, жақсартудағы және қалпына келтірудегі белсенді ұстанымдары үшін алғысын білдірді.