Қызылорда облысының Кәсіподақтар орталығының Үйлестіру кеңесі өтті. Күн тәртібінде ҚР Федерациясының Бас Кеңесінің 2023 жыл «Қауіпсіз еңбек жылы» болып белгіленуіне байланысты жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріліп, салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.
Кеңес барысында Қызылорда облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев жыл бойы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру барысында жыл басынан тіркелген жазатайым оқиғаларға ерекше тоқталып, жергілікті және салалық кәсіподақ төрағаларына аталған мәселеге қатаң қарауды міндеттеді.
Атап айтқанда, 2023 жылы облыс көлемінде 45 өндірістік жазатайым оқиға тіркелді. салдарынан 62 жұмыскер зардап шекті. Соның ішінде кәсіподақ мүшелерінің саны – 14 адамды құрайды. Бұл бағытта тиісті алдын алу шаралары жүргізілгенімен, өткен жылмен салыстырмалы түрде қарағанда еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қаза тапқандар саны айтарлықтай аз болғанымен, оқиғаларды болдырмау бойынша жұмыстар көптеп жүргізілуі тиіс екеніне басты назар аударды.
Сонымен қатар, төрағалық етуші облыстық салалық кәсіподақ төрағаларына 2024 жылдың жұмыс жоспарын жоспарлағанда облыстағы кәсіподақ көшбасшыларының құқықтық біліктілігін арттыру мақсатында семинар-оқу жүргізу жұмыстарына басымдық жасап аса қатты мән беруді ұсынды.
Салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарына жаңадан ұйымдарын ашу, жаңадан кәсіподақ мүшелерін тарту бағытында кәсіподақ қозғалысының дәріптеу арқылы жұмыс жасауды, кәсіподақ имиджіне оң пікір қалыптастыратын практиканы кеңінен насихаттау үшін әлеуметтік желілерге жариялау жұмыстарын күшейтуді ұсынды.
2024 жылға арналған іс-шара жоспарының жобасымен таныстырып, маңызды шараларды өз деңгейінде атап өтуді және өз сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.