«М-Техсервис» ЖШС МФ-да орын алып жатырған еңбек дауларын реттеу мақсатында «Кәсіподақтар үйі» ғимаратында «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы С.Бекгалыевтың төрағалығымен жиналыс өткізілді.
Айта кетсек, Маңғыстау облысының кәсіподақ орталығына «YNTYMAQ» Кәсіпкерлік қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ-дан «М-Техсервис» ЖШС басшылығы Ұжымдық шартта көрсетілген, ҚР ЕК міндеттемелерін және сот шешімін бүгінгі күнге дейін орындамағаны, бұл мәселелер облыстағы әлеуметтік тұрақсыздыққа әсер етуі мүмкін туралы хат келіп түскен болатын.
Аталған жиналыста Төраға орынбасары М.Рзаханов, «YNTYMAQ» кәсіпкерлік қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы Т. Шаимов, Ақтау қаласы прокурорының орынбасары Б. Ходжаев, Ақтау қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры А. Кульчиков, Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Н. Телегенов, Мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Омарова, «М-Техсервис» ЖШС МФ бас директоры Ван Сикуй, «М-Техсервис» ЖШС МФ бас директорының орынбасары Э. Жамбудуров, «М-Техсервис» ЖШС МФ бас директорының көмекшісі А. Карленова, «Жұмысшылардың «Aspan» жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Қ. Аяғанов және кәсіподақ мүшелері қатысты.
2 сағатқа жуық уақытқа созылған жиналыста С. Бекгалыев әлеуметтік әріптестік аясында өткізілетін мұндай кездесулер жұмысшылардың өзекті мәселелерін талқылау, қауіпсіз еңбек талаптарының сақталуын қамтамасыз ету,еңбек дауларын шешу, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету мақсатында өткізілетінін атап өтті.
Сөз кезегін «Жұмысшылардың «Aspan» жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Қ. Аяғанов алып, мекемедегі орын алып жатқан мәселені түсіндіре отырып, жұмысшылардың мекеме басшысына деген талаптарын айтып шықты, атап айтқанда:
1)Қазіргі қолданыстағы вахталық 14 күн жұмыс режимінен 10 күндік жұмыс режиміне ауыстыру;
2)Жатақхана, асхана жағдайларын санитарлық талаптарға сәйкестендіру;
3)12 қаңтар вахта ауысымы күні, овертаймға қалып жұмыс жасаған сағаттарды төлеу;
4)База жұмысшыларына 12 сағаттық жұмыс режимі енгізіліп, соған сәйкес ақша қаражаты төлену, хронометраж өткізу;
5)Ұжымдық шарттың тармақтары толығымен орындалу;
6)Жұмыс орнына барғандағы жолда жүрген сағаттары өз алдына бөлек төлену.
Өз кезегінде Ақтау қаласы прокурорының орынбасары Б. Ходжаев жұмыс берушілерге сындарлы диалог арқылы вагондарды (жатақхана) кезең кезеңімен жөндеу кестесін белгілеуді ұсынды.
Жұмыс беруші өз тарапынан вахта ауысымы күні, овертаймға қалып жұмыс жасаған 4 сағаттық күндізгі ақысын төлейтінін айтты.
Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Н. Телегенов жұмыс берушіге жұмысшылардың талаптары бойынша оң шешімін қабылдап, ұжым ішіндегі тұрақтылықты көздеуге шақырды.
Жианалысты қорытындылай келе кәсіпорын басшылығына жұмысшылардың талаптарын Акционерлерге жеткізу арқылы 1 апта уақыт ішінде қалыптасқан жағдайдың он шешімін шығару ұсынылды.
«М-Техсервис» ЖШС МФ еңбек ұжымымен көтерілген мәселелердің шешімі табылғанша кәсіподақтар орталығы, жергілікті атқарушы органдар мен қалалық прокуратураның бақылауында болады.