Құқықтық сауаттылық-басты орында

Қазақстан Республикасының Еңбек және Әлеуметтік кодексіне енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында, Түркістан облысында орналасқан «Шардара су электр станциясы» АҚ-ның жұмысшыларына жоспарлы семинар-тренинг өткізілді.


Жиынға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бегман Нурмаханов, Түркістан облысы Бақылау басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Смадияр, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев және кәсіподақ активі қатысты.


Семинарда департамент басшысы Бегман Нурмаханов алғы сөз алып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларна тоқталып, қатысушыларға кеңінен мағлұмат беріп өтті.Өз кезегінде сөз алған аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев еңбекті қорғау және еңбек мәдениетін көтеруде кәсіподақтар жұмысының әлеуметтік әріптестермен біріге жұмыс жасауы маңыздылығына тоқталып, бүгінде жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті.


Сондай-ақ, аумақтық кәсіподақтар орталығы жанынан құрылған «Заң клиникасы» мен «Татуласу орталығы»-да кәсіподақ мүшелеріне тегін құқықтық көмек көрсетіліп жатқандығын айтып өтті. Мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Смадияр еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жасап, қатысушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауға шақырды.
Жиын соңында пікір алмасулар болып, еңбеккерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.