Елордада соңғы үш жылда 60 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Астана қаласының Кәсіподақтар орталығы мен салалық кәсіподақтар филиалдарының өзара ынтымақтастығы мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға ерікті ниет білдірген мекеме-кәсіпорындар және кәсіподақ мүшелерінің саны артып келеді.

«2023 жылы Астана қаласында 13 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Атап айтқанда, Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы филиалы – 5, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының филиалы – 4, «Сенім» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының қалалық филиалы – 3 және Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының салалық филиалы – 1 бастауыш кәсіподақ ұйымын құрды. Ағымдағы жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады»,-дейді Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов.

Қазіргі уақытта Астана қаласында 107 мыңнан астам кәсіподақ мүшесін қамтыған барлығы 532 бастауыш және жергілікті кәсіподақ ұйымы бар.