Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндердің құқықтары түсіндірілді

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі “Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар филиалының шақыруымен теміржол көлігі саласындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымдары үшін зиянды еңбек жағдайларымен жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы әлеуметтік төлемдер бойынша заңнама нормаларын түсіндірді.

Кездесуді Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова, “Қазақстан Республикасының Павлодар облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті” РММ басшысы Алмагүл Мұхамедова, “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ Павлодар филиалының басшысы Владимир Питраков, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің “Татуласу орталығының”  басшысы Марина Иванова өткізді.

Іс-шараны аша отырып, “Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар филиалының төрағасы Рафаил Сабаров зиянды еңбек жағдайларындағы теміржол көлігі саласындағы мамандықтардың ерекшелігі туралы айтып берді. Мамандардың мұндай санаттары үшін 55 жастан бастап және 84 ай бойы төленеген  кәсіптік жарналар болған жағдайда арнайы әлеуметтік төлем рәсімдеу құқығы туындайды.

Кездесуге қатысушылар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды қоғамдық бірлестіктер мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңының талаптарымен, жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларымен танысты.

Павлодар облысының Кәсіподақ орталығының өкілдері Д. Н. Айтжанова мен М.А. Иванова теміржолшыларға кәсіподақ мүшелігінің артықшылықтары туралы кеңес беріп, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты сұрақтарға жауап берді.