Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-і бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, олардың жағдайымен танысты.
Бүгінде «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-де 130 еңбеккерлер жұмыс атқарады. Олардың барлығы – 100% кәсіподақ мүшелері. Бас директоры Ақыл Абдихадиров, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Аман Ертаев.
Аталмыш шарада сөз алған Сапарғали Шолданбаев қатысушыларға мұндай кездесулер еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдауға, еңбеккерлердің әлеуметік-экономикалық, құқықтық мүдделерін қорғауда, еңбек қатынастарын реттеу және тағы басқа өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін алға тартты.
Сондай-ақ қатысушыларға кәсіподақ жұмысын күшейту қажеттілігі мен еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселесі әрдайым кәсіподақтардың назардан түспейтінін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кездесу соңында мекеменің бас директоры Ақыл Абдихадиров «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-не 10 жыл толуына орай, жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаевқа мерейтойлық медалін табыстады.