«Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподақ қоғамдық бірлестігі М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті жанындағы Медициналық құқық мәселелерін зерттеу институтымен бірігіп Ақтөбе облысы денсаулық сақтау саласының қызметкерлері арасында бастауыш ұйымдардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау құқықтар мен міндеттерді білу туралы семинар-оқытуды ұйымдастырылды.
Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің 60 медициналық мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары, Ақтөбе облысының медицина және фармацевтика қызметкерлері, бөлім меңгерушісі, заңгерлер қатысуымен өтті.
Семинарды М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Медициналық құқық мәселелерін зерттеу институтының директорының міндетін атқарушы Талғат Жұмағазин жүргізді.
Семинар барысында медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық қорғану әдістері мен құралдары, соның ішінде сыртқы қол сұғушылықтан (ұрып-соғу, қорлау, жала жабу, жанжал жағдайлары) және жұмыс берушіден (жарғылық емес қатынастар) қорғану, дәрігерлік қателік жағдайында қорғану, ар-намысты, абырой мен іскерлік беделді қорғау жауапкершілікті сақтандыру т.б.еңбек дауларының алдын-алу туралы кеңестер берілді.
Жиын соңында қатысушылар сауалдарын қойып, пікір алмасып, қызмет барысында туындайтын сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды.