Жүрек қалауымен таңдалған мамандық иесі

Жүрек қалауымен таңдаған мамандық қана өмірдің жарқын бастауы болмақ. Себебі адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығына тікелей байланысты.Бүгінгі кейіпкеріміз Гүлсина Бердібекова 1968 жылы  24 маусымда Жамбыл облысы,  Мерке ауылында  туған.

1991 жылы Қазақ химия-технология институтынын бітірген соң, еңбек жолын 1984-1996 жылдары Казақ химия-технологиялык институтында инженер болып бастаған.

2000-2014 жылдары Шымкент қаласының «Техникалық инспекция» коммуналдық қазыналық мекемесінде инспектор, жетекші маман,  директордың орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, абыройлы қызмет атқарды.

2014 жылдан бастап Қаратау ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Аудан аумағын негізінен қалаға жаңадан қосылған елді мекендер құрайтындықтан, тұрғындарға кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттап, өз кәсібін ашу тетіктерін түсіндіру бойынша жиналыстар ұйымдастырып, халықтың кәсіпкерлікке бет бұруына өзінің іскерлігімен үлгі болуда. Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту, салық саясатын жүзеге асыру, жер қатынастары, ветеринарияға қатысты жұмыстарды үйлестіруде заңнамаларды жұмыста білгірлікпен қолданады және әріптестеріне көмек көрсетеді.

Гүлсина Бердібекова негізгі жұмысымен қатар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының Атқару комитетінің мүшесі.

Қаратау ауданы әкімі аппаратының жанындағы әйелдер істері гендерлік саясат жөніндегі комиссия төрайымының орынбасары ретінде ауданның іскер әйелдерін, аудан кәсіпкерлерін №4 балалар үйіне, көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға демеушілікке жұмылдырып, түрлі мерекелік және қайырымдылық  іс-шаралар өткізген.

Көп жылғы адал еңбегі, тәжірибесі, мейірімділігі мен даналығы үшін, қаламыздың дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс ретінде Гүлсина Бердібекова көптеген медальдармен және грамоталармен марапатталған, олардың ішінде «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстанның Тәуелсіздігіне – 25 жыл», «Халық құрметі», «Елеулі еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 25 жыл»,  «Кәсіподақ қайраткері», ҚР Президентінен «Ерең еңбегі үшін» медальдарымен және бірнеше рет қала, аудан әкімдерінің, Оңтүстік Қазақстан Ішкі Істер департаментінің, Шымкент қаласы полиция департаментінің, қалалық «Аманат» партиясының, Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар басқармасының, білім басқармасының, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының,  Ардагерлер кеңесінің, Шымкент қаласы әйелдер кеңесінің, «Нұрсұлтан» әдістемелік кеңес беру орталығының, №4 балалар үйінің Алғыс хаттары және т.б.