«Қызылордажылуэлектр орталығы» ұжымы кәсіпорынның бу қазандық цехының шебері Утепбергенов Жұмабақ Қожанасұлын зейнеткерлік жасқа келіп, құрметті демалысқа шығуымен құттықтады. Еңбек жолын Жұмабақ Қожанасұлы мамандығы мен ұйымға деген ерекше адалдығы мен 40 жылдық бір кәсіпорында тапжылмай жасаған жұмысымен ерекшеледі. 1984 жылдан бері жылу орталығының жұмыскерінен бастап қазірде көптеген жас мамандарға тәлімгер болған өндіріс маманына ұжым ерекше құрметпен тілектерін жеткізді.
«Жылдар бойғы еңбектің еленіп, демалысқа шығу да- бір бақыт. Жастарға, ұжымға бірлік пен береке тілеймін. Біздің жұмыс – ыждағаттылық пен қайратты еңбекті талап етеді, қиындығы да аз емес. Осы еңбекте табысты бола беріңіздер, ұжымға ризашылығымды білдіремін» дейді құрмет иесі.
Кәсіпорынның директоры Дінмұхаммед Исламов кәсіби маман Жұмабақ Утепбергеновке көп жылдар бойғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, құттықтау хат табыстады. Сонымен қатар, зейнет жас иесіне кәсіподақ ұйымы атынан ықылас сыйлықтары табысталды.