ҚРКФ үш республикалық конкурстың қорытындысын шығарды

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің қорытынды отырысы аясында ҚРКФ мүшелік ұйымдары мен кәсіподақ шипажайлары арасында өткен үш республикалық байқаудың қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздарға марапаттарды Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин табыстады.

Кәсіподақтар федерациясы Қауіпсіз еңбек жылы деп жариялаған 2023 жылы ҚРКФ мүше ұйымдары тақырыптық байқауларға белсене  қатысты.

Кәсіпорындардың бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында өткізілген «Үздік кәсіподақ ұйымы – 2023 жылдың қауіпсіз еңбек саласындағы көшбасшысы» байқауының қорытындысы бойынша конкурстық комиссия үздік ұйым деп химия,мұнай – химия және онымен байланысты өнеркәсіп салалары қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Атырау мұнай өңдеу зауытының кәсіподақ ұйымын таныды. Марапатты ҚРКФ басшысы Сатыбалды Дәулеталиннің қолынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғалымжан Амантурлин алды.

Кәсіподақ техникалық инспекторлары да өз жетістіктерімен жарысты. “2023 жылғы еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор” байқауында экономиканың нақты секторы салаларының кәсіпорындары арасында марапатқа ие болғандар: Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор, Қостанай облысы “Успеновское” шаруа қожалығының бастауыш кәсіподақ ұйымының, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Лариса Зубченко,Қазақстан мұнай-газ кешені кәсіподақ ұйымы, Қызылорда қаласының «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Раушан Жубанияз,Құрылыс кешені мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Жітіқара қаласы “Қостанай минералдары” АҚ қоғамдық бірлестігінің “Хризотил” филиалының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Владимир Штукерт.

 

 

Өндірістік емес сектор кәсіпорындары арасында да үздік техникалық инспекторлар анықталды, олар: Қазақстан білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы, Көкшетау қаласы, №14 орта мектептің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, шаруашылық бөлімінің басшысы Қанай Мұстафин, “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Солтүстік Қазақстан облысы, “Қызылжар су ЖШС” жергілікті қызметкерлер кәсіподағының техникалық инспекторы Жанат Әбілмәжінов.

Сондай-ақ, бірқатар кәсіподақ ұйымдары республикалық конкурстарға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының алғыс хаттарымен марапатталды.

Кәсіподақ шипажайларының қызметкерлері кәсіпорын қызметкерлерін сауықтыру және оңалту саласында үлкен үлес қосады. Олардың еңбектері бүгін ҚРКФ конкурстық комиссиясының шешімімен де атап өтілді. “Үздік шипажай қызметкері” байқауы аясында төрт номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

“Ақжайық” шипажайының дәрігері Марат Ақашев “Үздік шипажай қызметкері – медициналық блок “номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылды.

“Үздік шипажай қызметкері – қызмет көрсету блогы” номинациясында “Мерке” шипажайы қазандығының аға операторы Мырзахмет Ысқақовтың еңбегі атап өтілді.

“Үздік шипажай қызметкері – тамақтандыруды ұйымдастыру блогы” “Көктем” шипажайының тамақтандыруды ұйымдастыру секторы залының әкімшісі Шолпан Қалымбетова болды.

 

Фархат Әбілбеков – “Мойылды” шипажайының демалушыларын брондау, қабылдау және орналастыру бөлімінің бас менеджері “Үздік шипажай қызметкері – сервистік блок ” номинациясын жеңіп алды.

«Үздік шипажай» атағы үшін кәсіподақ шипажайлары да жарысты. Байқау қорытындысы бойынша “Жылдың үздік шипажайы” номинациясында 3 орынды “Манкент”  шипажайыиеленді, екінші орынды “Мерке” шипажайы иеленді.

“Жылдың үздік шипажайы ” байқауында конкурстық комиссия үздік деп “Щучинский” шипажайын таңдады, оның директоры Бейсенбек Досжановқа ауыспалы кубок табысталды.

Марапаттау рәсімін аяқтай отырып, ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ мүшелерін сауықтыру және оңалту саласында және кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға қосқан үлесі үшін конкурс жеңімпаздарына алғысын білдірді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы