«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы кездесу

Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Таукеева Манат Пазилбекқызының ұйымдастыруымен “Қалың қалай, бастауыш ұйым?” акциясы аясында М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясының кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.


Кездесу барысында қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Таукеева Манат Пазилбекқызы алдымен мектеп тынысымен танысып, мүшелермен кездесу өткізді.
– Кәсіподақ жұмысындағы негізгі мәселе еңбек адамының құқын қорғау екенін, жұмыс орнындағы еңбек заңдылықтары мен қауіпсіздіктің сақталуын, өзекті мәселелердің оң бағытта шешілуін қамтамасыз етумен қатар басқа да еңбекке қатысты түйткілді жағдайларды басты назарда ұстайтынын жеткізе отырып, мұндай кездесулер еңбек ұжымдарында өзекті мәселерді анықтау және шешуде тиімді екенін атап өтті – өз сөзінде төрайым.


Кездесуде жаңадан тағайындалған мектеп директоры Аманжолов Мусахан мырза қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Таукеева Манат Пазилбекқызын қолдап өзінің кәсіподақ мүшелігіне кіргенін айтып ұжым болып бірлікте жұмыс атқаратынын жеткізді.
Кездесуге жиылған кәсіподақ мүшелері өз ойларын ортаға салып жиынды сұрақ-жауаппен аяқтады.