Түркістан облысы кәсіподақ орталығының үйлестіру кеңесінің мүшелері 2024 жылға арналған жоспарларды талқылады

Түркістан облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің биылғы бірінші отырысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Бердіғали Өмірәлінің басшылығымен өтті. Кеңеске салалық кәсіподақтар мен жергілікті кәсіподақтардың төрағалары және кәсіподақ белсенділері қатысты.

Өңірдің кәсіподақтары ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Астанада қабылданған ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің шешімдерін іске асыру мәселелерін қарады. Үйлестіру кеңесінің мүшелері Бас кеңестің шешімімен жарияланған “Лайықты еңбек жылын” өткізу жоспарларын толығырақ талқылады.


Жиын барысында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі қатысушыларға Астана қаласында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталиннің төрағалығымен өткен Бас кеңесінің отырысында көтерілген мәселелерді баяндай отырып, Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен 2023 жыл «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында атқарылған жұмыстары бойынша еліміздегі кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, жазатайым оқиғаларды төмендету және кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру деңгейін жақсарту, әлеуметтік серіктестікті нығайту сияқты мәселелері бойынша қатысушыларға мағлұмат беріп өтті.

“Ағымдағы жылы 2024-2026 жылдарға арналған жаңа Бас келісім қабылданғаннан кейін кәсіподақтар салалық және өңірлік үшжақты келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жәрдемдесуі қажет. Кәсіпорындардағы ұжымдық шарттардың мазмұнына ерекше назар аударылсын. Біздің жұмысымыздың маңызды аспектісі 2030 жылға дейін Қауіпсіз еңбектің жаңа тұжырымдамасын іске асыру болады”, – деп Бас кеңестің шешімдерімен бөлісті Бердіғали Өмірәлі.

Сонымен қатар, үйлестіру кеңесінің мүшелері жергілікті кәсіподақтардың күнделікті жұмысындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша пікірлерімен бөлісіп, оларды шешу жолдарын қарастырды.

Үйлестіру кеңесінің жұмысын аяқтай отырып, кәсіподақ орталығының төрағасы Еңбек адамының мүдделерін ілгерілетудегі табыс өңірдің кәсіподақ жетекшілерінің бірлескен, мақсатты жұмысына байланысты екенін атап өтті.

Осы күндері Үйлестіру кеңестерінің отырыстары ҚРКФ барлық аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінде өтеді.