“Еңбек”тобының кәсіподақ депутаттары Ақсу электр станциясының ұжымымен кездесті

Павлодар облысында өткен отырыста мәслихат депутаттары – “Еңбек” депутаттық тобының еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және еңбек заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі мүшелері қызметкерлерге арнаулы әлеуметтік төлемдер алу тәртібін түсіндірді. Іс-шара “ЕЭК”АҚ Ақсу электр станциясының алаңында өтті. Кездесуге “ЕЭК” АҚ Ақсу электр станциясының зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлері қатысты.


Депутаттар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”2023 жылғы 21 желтоқсандағы ҚР Заңын қолдану мәселелері туралы айтып берді.


“2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлер елу бес жасқа толған және олар үшін кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген кезде, олар еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерінтудырмайтын басқа жұмысқа ауыстырған жағдайда жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіби төлем жүзеге асырылады. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” ҚР Заңында көзделген облыстық мәслихат депутатының құқығын пайдалана отырып, еңбек ұжымдарымен кездесулерде арнайы әлеуметтік төлем алу тәртібі мен шарттары туралы әрбір қызметкердің назарына жеткіземіз”, – деп атап өтті облыстық мәслихат депутаты, “Еңбек” депутаттық тобының қатысушысы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Павлодар облысы Динара Айтжанова.

Отырысқа “ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті” РММ басшысының орынбасары Евгений Губарев, “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалының басшысы Владимир Питраков, сақтандыру мәселелері жөніндегі сарапшы Фарида Имьяминова қатысты.

Депутаттық топ мүшелері мен әлеуметтік серіктестер қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, консультативтік көмек көрсетті.