Атырау Кәсіподақтар үйінде Лайықты еңбек жылының міндеттері талқыланды

Атырау Кәсіподақтар үйінде Атырау облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлібек Семғалиевтің басшылығымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған өңірдің салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдары филиалдарының кәсіби жетекшілері қатысты.

Кәсіподақ орталығының төрағасы әріптестерін ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің шешімдерімен таныстырып, кәсіподақ қоғамдастығының 2024 жылға арналған жоспарларын айтты.

Әлібек Семғалиев Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің шешімімен 2024 жыл “Лайықты еңбек жылы”деп жарияланғанын атап өтті.

“Биылғы жылы Атырау облысының кәсіпорындары қызметкерлерінің лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысымыз жекелеген кәсіпорындар мен тұтастай өңір деңгейінде әлеуметтік әріптестік шеңберінде жандандырылатын болады. Үйлестіру кеңесінің мүшелері күш – жігерді үйлестіріп, бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруы қажет”, – деп атап өтті Кәсіподақ орталығының төрағасы Әлібек Семғалиев.

Федерацияның алдағы кезеңге қойған негізгі міндеттерінің қатарында әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық және өңірлік келісімдердің ережелерін, республикалық және облыстық үшжақты комиссияның шешімдерін жетілдіру және іске асыру, қауіпсіз еңбектің жаңа тұжырымдамасын іске асыру, еңбекті қорғау жөніндегі өзекті жобаларды енгізу бойынша жұмысты жалғастыру – “Халықтық бақылау”, “Vision Zero”, “Aspans”.

Сондай-ақ, үйлестіру кеңесінің мүшелері өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және өңірдегі кәсіпорындардағы еңбек даулары мен жанжалдардың алдын алу жөніндегі шараларды іске асыру жоспарларын талқылады. Облыс белсенділері үшін Еңбек және кәсіподақ заңнамасының нормалары бойынша білім беру жобаларын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.