Қауіпсіз еңбек жылы қорытындыланды

«Ұлы қабырға» қазақ-қытай бұрғылау компаниясының жергілікті кәсіподағы Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында есеп беру конференциясын ұйымдастырды.Оған Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А. Әмірғалиев, «Ұлы Қабырға»ҚҚБК ЖШС жаңадан тағайындалған бас директоры мен жергілікті кәсіподақ ұйым жетекшісі Б. Умаров пен кәсіподақ мүшелері қатысты.

 

1999 жылдың соңынан Ақтөбе облысының кеніштерінде бұрғылау, мұнай-газ ұңғыларын жөндейтін бұрғылау бригадалары бар іргелі кәсіпорынның негізгі тапсырыс берушісі “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ .
«Ұлы Қабырға» ҚҚБК ЖШС жергілікті кәсіподағыны төрағасы Бекболат Умаров кәсіподақтың 2022-2023 жылда атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасы Алтынбек Әмірғалиев жұмысшылар мүддесін қорғауда кәсіподақ ұйымы тарапынан жүйелі жұмыстар жасалып жатқанын жеткізді. «Біз қандай да бір түйінді мәселелерді шешуге батыл араласып, еңбек адамының мүддесін қорғайтын заңдылықтардың сақталуын қадағалаудамыз», – деп атап өтті.


Кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылған. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жұмыс жасайды. Өткен жыл соңында кен орнындағы қауіпсіздікке жауап беретін мамандар мен инженер-технологтар 54 адам қысқартуға ілігіп,оның 19-ын кәсіподақтың ықпалымен қысқартудан аман алып қалуға қол жетті.


Кездесуде жұмыс берушіге кәсіподақ мүшелері жалақыны өсіру, вахталық ауысымдағы жатақханалардың жағдайы мен ас мәзірін жақсартуға көңіл бөлінуін сұрады. Өз кезегінде жұмыс беруші кәсіподақ мүшелерінің талаптарын ұжымдық шарт аясындағы кепілдіктерге сай орындауға уәде берді.
Соңғы 2 жылда серіктестікте жұмысшылардың еңбекақысы тарифті кесте арқылы сараланып, 40-45 пайыз шамасында өскен. Кәсіподақ төралқасы арқылы қосалқы қызметтерге,соның ішінде зиянды жұмыс жасайтындарға қосыма ақы төлеу шарттары бекітілген. Жұмыс комиссиясы өткен жылы ұжымдық шарттың орындалуын тексерген.
Қатысушылар кәсіподақ ұйымының жұмысына оң баға берді.