Өткен 2023 жылы облыста 1212 жұмыскер кәсіподақ мүшелері қатарына қосылды. Оның ішінде 644 жұмыскер жаңадан құрылған 16 бастауыш ұйымда қосылса, 568 жұмыскер бұрыннан жұмыс жасап тұрған кәсіподақ ұйымдарында кәсіподақ мүшесі атанды.
Бұл туралы Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты. Кәсіподақ көшбасшыларымен өткен баспасөз брифингінде аймақтағы кәсіподақ ұйымдарының 2023 жылда атқарған жұмыстар қорытындысы мен алдағы міндеттері туралы ақпарат берілді.
«Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі құрамында қазірде 12 салалық кәсіподақтарда 1007 кәсіподақ ұйымдарын, 96812 кәсіподақ мүшелері біріккен. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына, облыстық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес және ҚР Федерациясының Бас Кеңесінің шешімімен «2023 жыл – Қауіпсіз еңбек жылы» болып белгіленуіне байланысты жұмыстар атқарылды. Қызылорда облысында 2023 жылда әлеуметтік әріптестердің облыстық үш жақты комиссиясының 10 отырысы өтті.
Комиссия отырыстарында облыстық кәсіподақтармен еңбек шиеленістері тәуекелі бар кәсіпорындардағы (мұнай саласы, темір жол, энергетика саласы) еңбек қатынастары мәселелері, жазатайым оқиғалардың алдын-алу шаралары, ұйымдарда Ұжымдық шарт жасасу және оның сапасы туралы мәселелер ұсынылып, қаралды» деді ақапартында бірлестік төрағасы Мақсұт Нәлібаев.
«2022 жылы ҚР Федерациясының бастамасымен облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру мен еңбек адамының табысын арттыру мақсатында Қызылорда облысы әкімдігі, жұмыс берушілер бірлестіктері мен Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған облыстық келісімге, жұмыс берушілерге жұмысшыларының еңбекақыдан бөлек ҚР Ұлттық банкінің белгіленген ақшаның құнсыздануына байланысты инфляция мөлшерімен жалақыны индекстеуді қарау туралы нормамен толықтырылған болатын, 2023 жылы бірқатар нақты сектор кәсіпорындарында жалақыны индекстеу нормасы Ұжымдық шартқа енгізілді. Сонымен қатар, өңірде 52 ірі кәсіпорындармен облыс әкімдігі, жұмыс беруші және облыстық кәсіподақтар орталығы арасында «Еңбек ұжымындағы әлеуметтік-еңбек жағдайы мен өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау және персоналды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы» Меморандумдар жасалды, келісімдер бойынша кәсіподақ ұйымдары әлеуметтік әріптестік аясында мониторинг жүргізуде» деп атап өтті өңірдегі кәсіподақтар мен әлеуметтік әріптестердің бірлескен жұмыстары барысы туралы кәсіподақ төрағасы.
Сонымен қатар аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы 2023 жылдағы атқарылған жұмыстар – еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша, еңбек ұжымдарындағы еңбек шиеленістерінің алдын алу шаралары, құқықтық көмек пен оқыту туралы ақпараттармен бөлісті. 2024 жылда алға қойылған міндеттер жайлы айтып, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы мүшелік ұйымдарының биылғы жылды Лайықты еңбек жылы тақырыбында өткізетіндігінен хабардар етті.
Брифингте «Yntymaq» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Марат Бәйімбетов, «Senim» денсаулық сақтау саласы жұмыскерлері салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Сәулебек Искаков салаларда атқарылған 2023 жылғы жұмыс қорытындылары мен алдағы жұмыс жоспарлары мен жаңа жобалары туралы ақпарат берді.