Кәсіподақ  облыстық  шаңғы жарысын  өткізді

Ақтөбедегі  жаңа шаңғы базасында “Салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы “ ҚБ облыстық филиалының ұйымдастыруымен ,облыстық  денешынықтыру және спорт басқармасының ,қалалық спорт бөлімі қолдауымен мәдениет , спорт мекемелері  арасында шаңғы тебуден қысқы облыстық спартакиада өтті.

Барлығы 30 дан астам команда қатысқан шаңғы жарысынан Бас жүлдені Мәртөк спорт мектебі , Қалалық мәдениет үйінің командасы алды. І орынға Шалқар спорт мектебі мен облыстық арнаулы кітапхана ұжымының командасы қол жеткізді. ІІ орынды  Батамша спорт мектебі, Бокс спорт мектебі, облыстық мемлекеттік архив және С.  Бәйішев атындағы  облыстық кітапханасы командалары иеленді.

Ал, 3 орынға Ұлттық спорт түрлерінен ОБЖСМ және Қобда спорт мектебі ,№ 2 Спорт мектебі, С. Жиенбаев атындағы кітапхана мен Облыстық халық шығармашылығы орталығы және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы командалары қол жеткізді. Барлық қатысқан кәсіподақтарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Тоғызыншы жыл үздіксіз өткізіліп келе жатқан жарыстың мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттап, мәдениет , спорт қыметкерлерін спортқа баулу. Бір қуаныштысы, жыл өткен  сайын қатысушы командалар қатары артып келеді. Бұл жолы шалғай орналасқан  Шалқар, Қарғалы , Қобда және Мартөк аудандарының командалары ат салысты.

Біз бастауыш кәсіподақ мүшелерінің салауатты өмір салтын ұстануларына , олардың  еңбек және әлеуметтік құқықтарының  қорғалуына мейлінше үлес қосуды өзімізге парыз санаймыз. Ұйымдастырушылар осы шараға қолдау танытқан қалалық спорт бөлімі мен қысқы спорт түрлерінен  БЖСМ ұжымдарына алғысын білдіреді.