Әрбір еңбек адамы зейнет жасына жеткенде әріптестері зор құрметпен, ыстық ықыласпен салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салса, ол адам үшін одан асқан қуаныш жоқ. Бұл құрметті ұзақ жылғы еңбек пен ізденістің жемісі деп бағалауға болады.
Бүгін Сабыр Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектебінде білім беру саласында 36 жылдық ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған мектебіміз өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назакат Ахмедова ұстазымыздың зейнет жасына толуына байланысты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп ұжымы, кәсіподақ мүшелері қатысты.
Жиында кіріспе сөзімен мектеп басшысы Закиржан Саитов зейнеткер ұстазымыздың жас ұрпақ үшін аянбай қызмет еткенін тілге тиек етіп, зор денсаулық пен баянды өмір тіледі. Сөз соңында зейнеткер ұстазымызға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Жандос Шайдулла мырзаның атынан “Алғыс хат” беріп иығына ақ орамал жапты.
Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын!