Кәсіподақ жуырда Орынбор облысының Ақбұлақ ауданында “Шашу “ отбасылык ұлттық ансамблімен кайырымдылық концертін ұйымдастырды.
Ақтөбе облысынан барған делегацияга Орынбор облысынан “Қазақ тілі” халықаралық қоғамының РФ өкілдiгiнің төрайымы Сәуле Дулати мен Орынбор облысы депутаты Салим Чалоян және Ақбұлақ ауданының басшысы В.Пирогов қолдау танытты.Қайырымдылық концерті көрермен өте жылы қабылдады. Ресейліктер Ақтөбе мен Орынбор арасындағы тарихи сабақтастық, өзара ынтамақтастық аясында шараларды дәстүрлі ұйымдастыруға қолдау көрсетіп жүрген әкімшілік пен кәсіподақтың рөлін ерекше атап өтті.
Концерт барысында екі ел арасындағы татулық пен достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін патронаттық отбасына ресейлік көрермен қауымы ерекше ризашылығын білдірді.Осындай жақсы азаматтар тәрбиелеп отырған өнерлі отбасын көпке үлгі етіп жеткізу керектігін атап өтті Ақбұлақ ауданының басшысы Виктор Пирогов.
Қайырымдылық концертте көтеріңкі көңіл күй сыйлаған “Шашу “ отбасылык ұлттық ансамблі өнерпаздары көрермендердің ыстық ықыластарына бөленді.