Кәсіподақтар ХЕҰ 184 конвенциясын ратификациялау қажеттілігін атап өтті

   ҚР Кәсіподақтар федерациясының Астанадағы орталық кеңсесінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ұжымы ХЕҰ еңбекшілер қызметі бюросының Еуропа және Орталық Азия секторының меңгерушісі Сергеюс Гловацкаспен кездесті. Талқылаудың басты тақырыбы Қазақстан Республикасының “Ауыл шаруашылығындағы еңбекті қорғау және гигиена” ХЕҰ №184 конвенциясын ратификациялауды ілгерілету мәселесі болды.
             ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагелдиева және салалық кәсіподақ төрағасы Егор Каппель сөз сөйледі. Кәсіби көшбасшылар Халықаралық еңбек ұйымымен серпінді ынтымақтастықтың дамуын атап өтті.
             Салалық кәсіподақ төрағасы атап өткендей, №184 ХЕҰ конвенциясын ратификациялау мәселесін кәсіподақ 10 жыл бойы көтеріп келеді.
             “Қазақстан Республикасы ХЕҰ – ның №184 конвенциясын ратификациялаған кезде уақытша және маусымдық қызметкерлер, бейінді министрлікте еңбекті қорғау құрылымының болмауы және басқалар сияқты саланың қазіргі кездегі мәселелерін шешер еді”, – деді Егор Каппель.
              Өз кезегінде ХЕҰ Еңбек Бюросының Еуропа және Орталық Азия секторының меңгерушісі Сергеюс Гловацкас кәсіподақ белсенділері назарын Қазақстан Республикасында бұрын ратификацияланған (№ 129) конвенцияның өзара іс-қимылы, оны ТМД елдерінде қолдану мәселелеріне аударды.
“Конвенцияны ратификациялау әсіресе азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі әлемде бірінші орында тұрған жағдай маңызды”, – деп атап өтті халықаралық сарапшы.
Кездесуге қатысушылар әлеуметтік-еңбек саласында жалпы қабылданған стандарттарды ілгерілету бойынша Халықаралық еңбек ұйымымен өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін қарады.
ХЕҰ-ның №184 “Ауыл шаруашылығындағы еңбекті қорғау және гигиена” конвенциясын Қазақстан Республикасы ратификациялау бойынша бірлескен жұмыс жоспарын белгілеу туралы шешім қабылданды.
              Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпанда ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мен ХЕҰ-ның ACTRAV еңбекшілерінің қызметі бюросы Еуропа және Орталық Азия секторының меңгерушісі Сергеюс Гловацкас Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және ХЕҰ/ACTRAV еңбекшілерінің қызметі жөніндегі бюросының бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.
               Қол қойылған құжат ХЕҰ мен ҚРКФ арасындағы өзара іс-қимылдың төрт негізгі бағыты бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын қамтиды. Бұл-заңнама мен құқық қолдану практикасын талдау және жетілдіру; кәсіподақтардың әлеуетін арттыру негізінде бірлестік және Ұжымдық келіссөздер еркіндігін ілгерілету; әлеуметтік диалог және лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету; еңбекті қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесіндегі  кәсіподақтардың мүмкіндіктері мен рөлін күшейту.