23 ақпан, жұма күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Орталық кеңсесінде Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағының ұжымы үшін мұнай-газ саласындағы кәсіподақтардың болашағы мәселелері бойынша Халықаралық еңбек ұйымы сарапшысының қатысуымен оқыту семинары өтті.
Семинар жұмысын ҚРКФ төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагелдиева мен салалық кәсіподақ төрағасы Сұлтан Қалиев ашты.
Еуропа және Орталық Азия бөлімінің меңгерушісі АCTRAV/ ХЕҰ Сергеюс Гловацкас қатысушыларды “Жол айрығындағы кәсіподақтар” Халықаралық еңбек ұйымының іргелі зерттеуімен таныстырды. Ол Халықаралық еңбек ұйымының қызметі, оның тарихы туралы айтып, қазіргі кәсіподақтардың алдында тұрған сын-қатерлер туралы өз пікірімен бөлісті. Сондай-ақ, спикер ХЕҰ конвенциялары туралы егжей-тегжейлі айтып, Қазақстандағы ACTRAV/ХЕҰ алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сергеюс Гловацкас семинар қатысушыларына болашақта жағдайдың дамуының төрт ықтимал сценарийін ұсынды: кәсіподақтарды біртіндеп маргинализациялау; кәсіподақ өкілдігі мен саясатының дуализациясы; кәсіподақ қозғалысын ауыстыру және жаңарту.
Қатысушылар сондай-ақ кәсіподақтардың жағдайы және болашақ еңбек нарығы, жұмыспен қамту құрылымындағы өзгерістер және кәсіподақтардың әртүрлі қамтылу себептері туралы ақпарат алды.
Іс-шара соңында пікір алмасып, технологиялық прогресс пен климаттың өзгеруіне байланысты сын-қатерлерге тиімді жауап беру үшін кәсіподақ қозғалысын сәтті жаңарту мысалдары талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпанда ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мен ХЕҰ-ның ACTRAV еңбекшілерінің қызметі бюросы Еуропа және Орталық Азия секторының меңгерушісі Сергеюс Гловацкас Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және ХЕҰ/ACTRAV еңбекшілерінің қызметі бюросының бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.
Қол қойылған құжат ХЕҰ мен ҚРКФ арасындағы өзара іс-қимылдың төрт негізгі бағыты бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын қамтиды. Бұл-заңнама мен құқық қолдану практикасын талдау және жетілдіру; кәсіподақтардың әлеуетін арттыру негізінде бірлестік және Ұжымдық келіссөздер еркіндігін ілгерілету; әлеуметтік диалог және лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау кәсіподақтардың мүмкіндіктері мен рөлін күшейту.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы