Астанада “Қазақстандық мұнай – газ кешенінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің (бұдан әрі-ҚАЗМҰНАЙГАЗПРОФ) Орталық кеңесінің II пленумы өтті.
Форум жұмысына Орталық сайланбалы органдардың мүшелері, “ҚазМұнайГаз “ҰК” АҚ, “QazaqGaz “ҰК” АҚ компаниялар тобы кәсіпорындарының филиалдарының, жергілікті кәсіподақтарының басшылары, елдің жетекші мұнай-газ компаниялары, оның ішінде “Теңізшевройл” ЖШС және “Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.” қазақстандық филиалы, салалық кәсіподақтың сараптамалық тобының мүшелері қатысты.
Пленум күн тәртібінің негізгі мәселесі ҚазМұнайГаз кәсіподақ қызметін жаңғыртудағы және мүше ұйымдардың одақішілік тәртібін нығайтудағы сайланбалы органдардың рөлін арттыру жөніндегі міндеттері болды.
Кәсіподақ форумының қатысушылары Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы қызметінің 2024-2028 жылдарға арналған стратегиясын, оны іске асыру жөніндегі жоспарды, сондай-ақ Орталық Кеңестің ағымдағы жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын бекітті.
“Біздің саладағы барлық деңгейдегі кәсіподақтар қызметінің басты мақсаты қызметкерлер үшін лайықты жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады, ал осы мақсатты іске асыру тиімділігінің басты өлшемі мұнай-газ саласы қызметкерлерінің – кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін сақтау болып табылады. Сондықтан кәсіподақ жұмысы лайықты өмірді қамтамасыз ету, кәсіподақ мүшесінің жеке басын дамыту, оның әлеуметтік-еңбек қалыптасуы үшін жағдай жасауға бағытталуы керек. Ал ҚАЗМҰНАЙГАЗПРОФТЫҢ, оның мүшелік ұйымдары мен ұйымдық құрылымдарының қызметінің тиімділігін арттыру одақішілік тәртіпті нығайту, кәсіподақ ұйымдарының іс – қимылдарының бірлігін қамтамасыз ету бойынша пәрменді шараларды жүзеге асыруды талап етеді”, – деп атап өтті салалық кәсіподақ төрағасы Сұлтан Қалиев.
Іс-әрекет стратегиясын іске асыру жөніндегі міндеттерді талқылауға кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары белсенді қатысты, олар тәжірибеден тәжірибе және мысалдармен алмасты.
Пленумда Орталық Кеңес пен оның Атқару Комитетінің құрамдарын өзгертуге қатысты ұйымдастырушылық мәселелер қаралды. Қазмұнайгазпрофф төрағасының орынбасары және атқару комитетінің мүшесі болып Ақтау қаласының “Ой Транспорт Корпорейшэн” ЖШС жергілікті кәсіподақ төрағасы Марат Темірқасов бірауыздан сайланды.