23 ақпанда Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының өкілі Людмила Голенкованың қатысуымен “Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі”ААҚ филиалы басшыларының, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың және техникалық инспекторлардың білімін қорытынды тексеру жүргізілді.
Оқыту әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның ұсынымдарын ескере отырып жасалған “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша арнайы кәсіби құзыреттерді дамыту жөніндегі” бағдарлама шеңберінде жүргізілді.
Оқыту барысында еңбекті қорғау саласындағы әлеуметтік әріптестіктің салалық сипатына ерекше назар аударылды.
Курс тыңдаушылары еңбек қатынастарын реттеу, қызметкерлерді әлеуметтік-экономикалық қорғау, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қоғамдық бақылауды жүзеге асыруы, ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құру және олардың жұмысы мәселелерін қарады.
Айта кету керек, 32 тыңдаушы үш жыл ішінде тиісті лауазымдарда жұмыс істеу құқығын растайтын сертификаттар алды.