Дүйсенбі, 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының орталық кеңсесінде Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша Мәскеу кеңсесінің директоры жақында осы қызметке тұрған Михаил Пушкин және ХЕҰ Қазақстандағы аймақтық өкілі Талғат Өміржанов іс сапарымен болды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагелдиева мен ҚРКФ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Тахмина Құбашева шетелдік әріптестермен кездесті.
ҚРКФ төрағасының орынбасары қонақтарды Федерацияның жұмысы, халықаралық деңгейдегі жетістіктері және 2024 жылға арналған жоспарлары туралы хабардар етті. Гүлнара Жұмагелдиева атап өткендей, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүше ұйымдары әлеуметтік әріптестік аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Парламентінің жанындағы жұмыс топтарында өкілдік ете отырып, норма шығару ісіне белсене қатысады.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, Қазақстан Республикасында әзірленіп жатқан Лайықты еңбек бағдарламасының жобасын, сондай-ақ ХЕҰ-ның 131 және 186 конвенцияларын ратификациялау бойынша ҚРКФ бастамаларын талқылады.
Халықаралық сарапшы Қазақстанның әлеуметтік-еңбек саласындағы жағдайымен танысып, құзырлы ведомстволары мен мемлекеттік органдарымен кеңесуді жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы