Оған «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының құрамына кіретін Астана қаласы, Алматы қаласы және Павлодар облысының учаскелерінен пойыздар бригадасы және жабдықтау цехы бригадасынан делегаттар келді.
Жиынға «Қазкөліккәсіп» кәсіподағы Астана филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев, Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов және орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесінен өкілдер қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, алдымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрат Майдинның ұйымның 2023 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды.
Сонымен бірге, «Экспресс» филиалы кәсіподақ ұйымының қаражатынан кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық көмек көрсетудің тәртібі мен шарттары туралы Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпарат берілді.
Одан кейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шарттың жаңашылдықтары таныстырылды.
«Қазкөліккәсіп» кәсіподағы Астана филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев жаңа ұжымдық шартта алдыңғы шартта көзделген жеңілдіктердің барлығы сақталып қалумен қатар, компания қызметкерлеріне қатысты жеңілдіктер мен құқықтардың ұлғая түскенін атап өтті.
Басым бөлігін жолсеріктер құрайтын делегаттар кәсіподақ ұйымының атқарған жұмысына қатысты көкейдегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Сонымен қатар, делегаттар «Экспресс» филиалы мүшелері үшін арендалық тұрғын үй алу мүмкіндігін қарастыру, еңбек жағдайын жақсарту, спорттық іс-шараларды өткізу және жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетуге пойыздарға медицина қызметкерін алу жөнінде өзекті мәселелерді жеткізді.
Аталған ұсыныс-талаптар мен өзге де сұрақтар хаттамаға енгізіліп, жуық арада филиалдың кезекті жиынын өткізуге шешім қабылданды