Кәсіподақ белсендісі “Құқықтық көмек” жобасы аясында азаматтарды қабылдады

“Аманат” партиясының Павлодар филиалында “Құқықтық көмек” партиялық жобасы аясында Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, “Аманат” партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Динара Айтжанова азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы, кәсіби медиатор Марина Иванова қатысты.

Қабылдауға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы бойынша қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты әкімшіліктің бастамасы бойынша еңбек қатынастары бұзылған екі өтініш беруші жүгінді.

Өтініш берушілердің бірінде еңбек шарты бұзылған күнге зейнеткерлік жасқа толғанға дейін екі жылдан аз уақыт қалған, алайда Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 53-бабының 1-тармағын бұза отырып,  комиссияның оң шешімінсіз жұмыс берушімен еңбек шартын бұзған.

Екінші арызданушы мекемеде тәртіптік жазаға тартылмай, он үш жыл үздіксіз жұмыс істеген.

Арызданушылар еңбек шартын заңсыз бұзумен қатар, бір айдағы  және бір жылдағы жұмыс нәтижесі бойынша үстемеақы төленбегенін атап өтті.

Қабылдау барысында өтініш берушілерге еңбек заңнамасы бойынша егжей-тегжейлі кеңес берілді, сол жерде оларға кәсіпорынның келісім комиссиясына жазбаша өтініштер дайындауға құқықтық көмек көрсетілді.

Қабылдау шеңберінде жұмыс уақытының 80% зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеуге байланысты міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармау туралы келіп түскен мәселеге байланысты өтініш берушілер “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ Павлодар филиалынан жеке шоттардан үзінді көшірмелер алу тәртібі және жұмыс үшін арнайы әлеуметтік төлем алу шарттары туралы толық түсініктеме алды.