Өткен демалыс күндері Өскемен қаласында бүкіл облыстың медицина қызметкерлері қысқы спартакиадаға белсенді қатысты. Іс-шараны “SENIM”Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының облыстық филиалы ұйымдастырды.
Жарыстың басты мақсаты-белсенді өмір салтын насихаттау және кәсіби қоғамдастықты біріктіру.
Спартакиада спорттың үш түрі бойынша өткізілді: үстел теннисі, шахмат және волейбол.
Оларға барлығы 135 медициналық қызметкерден тұратын 14 команда қатысты.
Ойындарды Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Темірбек Қасымжанов және “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Серікбол Құрқымбаев бастады.
Жарыс қорытындысы бойынша: I орынды “Зайсан ауданының аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК командасы, II орынды Өскемен қаласының “Ана мен бала орталығы” ШЖҚ КМК командасы, III орынды – “Катонқарағай ауданының №2 аудандық ауруханасы”ШЖҚ КМК командасы иеленді.
Сондай-ақ, “Үздік байланыстырушы”, “Серия бомбардирі”, “Шахмат оскары”номинациялары бойынша марапаттар табысталды.
Жарысқа қатысушы медицина қызметкерлері өздері атап өткендей, бірлескен спорттық іс-шара медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен спорттық жетістіктерін ғана емес, сонымен қатар олардың өз денсаулығы мен қоғам денсаулығына қамқорлық жасауға деген ұмтылысын көрсетті.