Спорт – денсаулық кепілі

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала аудандық кәсіподақ комитеті- Филиалының ұйымдастыруымен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығына орайкәсіпода қмүшелері арасындағы облыстық VІІІ ші «Денсаулық» спартакиадасының аудандық кезеңі өткізілді.

Шара барысында төраға Марат Даупаевқа алғы сөз беріліп, кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, кәсіподақ жұмысын жетілдіру мен бірлігін нығайту біздің басты мақсатымызекенін атап өтіп, спартакиадаға қатысушыларды құттықтады.

Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі I, II, III иеленген Командаларға облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Даупаев сертификаттар табыстады.

Теннис ойыны бойынша жеңімпаздарды облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы Марина Темиргалиева бағалы сыйлықтармен марапаттады. Жарыста белсенділік танытқан барлық команадаларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Аудандық спартакиаданы өткізуге қолдау білдірген облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Даупаевқа аудан педагогтері зор алғыстарын білдірді.

Тасқала ауданының білім қызметкерлері салауатты өмір салтын қолдайтын және педагогтік қызметтерімен қатар спортты да серік ете білген керемет ұжым уақыт өткізді. Аталмаш сайыстар дәстүрлі өткізіліп, жылдан-жылға жақсы нәтижелерге әкелуде.