«Қызылордажылуэлектр орталығы» ұжымында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мерекелік жиын өтті. Жиында кәсіпорынның директоры Дінмұхаммед Исламов және ардагер мамандар, кәсіпорында көп жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан ер азаматтар, кәсіподақ төрағасы Ғалымжан Қайырбергенов ұжым аруларына мерекелік лебіздерін білдірді.
Өзіндік қиындығы мен жауапкершілігі зор үздіксіз жұмыс істейтін коммуналдық кәсіпорынның белсенді, білікті әйел жұмыскерлері мерекелік жиында марапат төріне шығып, қошеметке бөленді.
Кәсіпорын жұмыскерлеріне Қызылорда облыс әкімдігі, облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, «Yntymaq» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы марапаттары табысталды