ҚРКФ қызметінің маңызды бағыттарының бірі – қызметкерлердің қауіпсіз және лайықты еңбектегі құқықтарын қорғау.
ҚРКФ Бас кеңесінің шешімі бойынша 2024 жылды «Лайықты еңбек жылы» деп жариялады.
«Лайықты еңбек жылы» аясында «Еңбек адамын» насихаттау мақсатында Абай облысының кәсіподақтар орталығы Семей қаласының сол жағалауындағы Мұхтар Әуезов даңғылында және оң жағалауындағы Шәкәрім даңғылында «Лайықты еңбек жылы» логотипі бар баннерлер орнатты.
Мұндай баннерлер алдағы уақытта облыстың барлық аудан орталықтарында орнатылатын болады.
«Адамдар лайықты жұмысқа ие болған кезде, бұл қарқынды және инклюзивті экономикалық өсуге мүмкіндік береді. Баннерлер әлеуметтік серіктестерге лайықты, қауіпсіз жағдайлар мен жалақыны қамтамасыз ету маңыздылығын еске салады. Кәсіподақтардың мақсаты баршаға түсінікті болуы керек», – деп атап өтті Абай аудандық кәсіподақ орталығы.