Павлодарлық шаңғы жарысы – энергетиктер ең мықтыларын анықтады

«Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ мамандары, мүшелері арасында шаңғы жарысы Павлодардағы «Ертіс»шаңғы базасында өтті. Жарыс ерлер мен әйелдер арасында бөлек төрт жас тобы бойынша өткізілді.

Ашық күн мен жеңіл аяз қатысушыларды жеңіске жетелейді. Жарыс қорытындысы бойынша төрешілер комиссиясы орындарды былайша бөлді: ерлер арасында жеке есепте 30 жасқа дейінгі жас санатында екі километр қашықтықта бірінші орынды Игорь Шихардин («ПРЭК» АҚ), екінші орынды Әділхан Марен («УПНК» ЖШС) иеленді; 31 жастан 40 жасқа дейінгі санатта жарыстың алтынын Денис Бурчук («Павлодар жылу желілері»ЖШС)жеңіп алды, күміс Павел Артемьевте («ПРЭК» АҚ), Азамат Дүйсекенов қола жүлдеге ие болды («УПНК» ЖШС) ; 41-50 жас санатында бір километр қашықтыққа бірінші болып Рамиль Хасаншин («ПРЭК» АҚ), екінші болып Максим Уваров («ПРЭК» АҚ), үшінші болып Рафис Ниязов («Каустик» АҚ); 51 жастан асқан жас санатында бір шақырым қашықтықта бірінші болып Нұртай Сәденов мәреге жетті («ПРЭК» АҚ), екінші орында Ертай Итқұлов (АҚ Каустик).

30 жасқа дейінгі әйелдер арасында бір километр қашықтыққа бірінші орынды Аңсарым Құрман («Каустик» АҚ), 31-40 жас аралығындағы әйелдер арасында Ұлбосын Согумбаева («Каустик» АҚ) бірінші мәре сызығын кесіп өтті, 41-50 жас аралығындағы қатысушылар арасында Виктория Синогейкина алтын алды(«ПРЭК»АҚ), күміс Райгүл Рысқұлова («Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС), қола Дина Туркбеновада («УПНК» ЖШС); 50 жастан асқан қатысушылар арасында Светлана Дәулетбаевада («Каустик» АҚ) бірінші орын.

1-ден 3-орынға дейінгі жарыстардың жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды, мәре сызығынан тыс барлық қатысушыларды ыстық шай мен тоқаштар күтті.

“Жергілікті кәсіподақтағы дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық жұмыс, ең алдымен, денсаулықты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, еңбек ұжымдары мен корпоративішілік рухтың бірлігін арттыруға бағытталған. Барлығы тамаша өтті, спорттық бірлік пен достықтың нағыз мерекесі.”,- деп бөлісті “Павлодарэнерго” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы ” ҚБ төрағасы Балтабек Төлеубаев.