Ақмола облысындағы әлеуметтік серіктестер “Қауіпсіз еңбек” бағдарламасын бекітті

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Ақмола облыстық үшжақты комиссиясының отырысында әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы, жалпы құқықтық оқыту кестесі қаралды. Отырысты Ақмола облысының кәсіподақ орталығының басшысы Қали Рахметов жүргізді.

Комиссия отырысының күн тәртібінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық (қалалық) комиссиялардың жұмысы туралы мәселелер қаралды, Ақмола облысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған “Қауіпсіз еңбек” бағдарламасы бекітілді.

Комиссия мүшелері сондай-ақ “Жалпы құқықтық оқыту” кәсіподақ акциясын іске асыру бойынша шығу жоспары мен кестесін қабылдады. Кәсіподақтар әлеуметтік серіктестермен және “Еңбек” депутаттық тобымен бірлесіп Ақмола облысының аудандары мен қалаларындағы кәсіпорындарға барады.

Әлеуметтік серіктестер өңір кәсіпорындарында әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) өтеу бойынша жұмыс барысын қарастырды.

Бірінші және төртінші мәселе бойынша спикерлер: Ақкөл, Атбасар және Есіл аудандары әкімдерінің орынбасарлары, Шәкірова Әсем-Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары сөз сөйледі.

Ақмола облысында 2024 – 2026 жылдарға арналған Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі “Қауіпсіз еңбек” бағдарламасының тұсаукесерімен және отырысқа қатысушылардың шығу жоспары – кестесімен Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Гүлайым Әбдірахманова таныстырды.

Отырысқа аудандық және қалалық комиссиялардың мүшелері, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары онлайн режимде қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық мәселелер бойынша хаттамалық шешімдер қабылданды.