Қайырымдылық жасау-игі іс

Наурызнама онкүндігіне сәйкес 15 наурыз – «Қайырымдылық күні» атап өтіледі. Атаулы күні «Нұрлы жол» вокзал кешенінің бастауыш кәсіподақ ұйымының жастары өз әріптестеріне көмек көрсетті.

«Қамқор Локомотив» ЖШС Астана жөндеу депосының жұмыскері, алты баланы өзі ғана асырап отырған Досхан Исмағұловтың отбасына азық-түлік, тәтті өнімдер жиынтығы табыс етілді. Сонымен бірге, «Нұрлы жол» вокзал кешенінің қызметкері Диана Ақментаеваға да материалдық көмек көрсетілді.

«Нұрлы жол» вокзал кешенінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бейімбет Ұлазбек: «Бұл күні әрқайсымыздың, кемінде, бір игі іс жасауға мүмкіндігіміз бар. Біз қайырымдылық шараларын үнемі өткізіп келеміз. Кәсіподақ ұйымының мүшелері мен ерікті жастар қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ағымдағы жылдың басында Астана қаласындағы «Светоч» жекеменшік балалар үйіндегі бүлдіршіндерге азық-түлік себеттері және спорттық құрал-жабдықтар табысталды», – деді.

Жастардың қоғамдық жұмыстарға белсенділігі арқасында теміржол торабы ішінде «Нұрлы жол» вокзалы кешені «Үздік волонтерлік ұйым» номинациясын жеңіп алды. Соның нәтижесінде вокзал аумағындағы жиналған макулатура, пластик бөтелкелерді қайта өңдеуге өткізу арқылы түскен қаражатты қайырымдылық шараларына жұмсайтынын жеткізді Бейімбет Ұлазбек.