Өткен демалыс күндері дәстүрлі түрде және Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасын ескере отырып, Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Чкалов су қоймасында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кубогына еңбек ұжымдары арасында балық аулау бойынша жыл сайынғы жарыс өтті.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған Лайықты еңбек жылы аясында, еңбек адамдары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бұл жарысты Қарағанды облысының салалық және жергілікті кәсіподақтарының бастауыш ұйымдары бастамашылық етті.
Жарысқа өңірдің түрлі кәсіпорындары мен ұйымдарының 27 еңбек ұжымы жіберілді. Балық аулауға барлығы 100-ден астам балықшы қатысты, олардың көпшілігі кәсіби әуесқой балықшылар.
Желдің күшеюіне қарамастан, барлық қатысушылар мен ұйымдастырушылар кәсіподақ ынтымақтастығына, командалық рухқа және табысқа деген жалпы көзқарасқа жігерленіп, қуаттанды.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында жарыс басталғанға дейін барлық қатысушылар мұзда жүріс-тұрыс ережелері және санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау бойынша нұсқаулықтан өтті, әр учаскеде қатысушылар мен жанкүйерлерді жарыстың бас төрешісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Валерий Громовтың басшылығымен төрешілер мұқият қадағалады.
Жарысқа қатысушылар мен жеңімпаздарды, сондай-ақ үлкен қолдау тобын Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков, “SENIM”Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев, кәсіподақ қозғалысының ардагері және көрнекті қоғам қайраткері Қайрат Аманбаев, Қазақстан салалық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы Қарағанды облыстық ұйымының төрағасы Алмагүл Рақышева, Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары мен мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Дархан Джузбаев, “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Татьяна Шатохина, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қарағанды облыстық филиалының өкілі Еркін Абдулманафов сөз сөйледі.
Еңбек ұжымдары арасындағы ауқымды кәсіподақ жарысының нәтижелері бойынша орындар былайша бөлінді: Командалық есепте I орынды “ҚТЖ – Жүк тасымалы” АҚ Қарағанды филиалының ұжымы – “ҚАЗПРОФТРАНС” салалық кәсіподағының облыстық филиалының құрамына кіретін “Қарағанды пайдалану локомотив депосы” МК Қарағанды бөлімшесі алды. Жеңімпаз топқа Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кубогы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медальдары және бірінші дәрежелі грамоталар, сыйлықтар табысталды ; II орынды “Senim” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының Саран қаласының қосалқы станциясы “Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы” КМК ұжымы; III орынды “№ 66 мектеп-лицей ” КММ ұжымы иеленді.
Жеке есепте медальдар, грамоталар және жүлделер тапсырыла отырып: I орынға – Михаил Лысенко – “ҚТЖ – Жүк тасымалы” АҚ Қарағанды филиалының “ТЧЭ -14 НОДГП – 4″ Қарағанды пайдалану локомотив депосы ” БП Қарағанды бөлімшесінің лектровоз машинисі;
II орынға-Валерий Крухмалев – “Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы” КМК жүргізушісі ;
III орынға – Андрей Ержанов – “Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ие болды.
Жарыстың басқа қатысушылары да арнайы сыйлықтарға ие болды.
Жарыстың барлық жүлдегерлері мен номинанттарына бағалы сыйлықтар табысталды.
Байқау соңында ұйымдастырушылар барлық балық аулау әуесқойларына Қарағанды облысының кәсіподақ орталығының қызметкерлері дайындаған дәстүрлі кәсіподақ балық сорпасы мен ыстық хош иісті бауырсақтарды ұсынды.