Зауыт кәсіподағы жас мамандар даярлаудың сапасына назар аударады

Ақтөбе жоғарғы политехникалық колледжі арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында облыстық білім басқармасының, оқу орнының басшылары
мен студенттері Ақтөбе ферроқорытпа зауытының басшыларымен кездесіп, өзара пікір алмасып, өндіріс ошақтарын аралады.

Зауыттың білікті мамандары студенттерге шеберлік сабақтарын көрсетіп,өзара пікір алмасты. Екінші күні бас қосу политехникалық коллежде өз жалғасын тауып, меморандумға қол қойылды.

Меморандум шеңберінде Жастар және гендерлік саясатты іске асыру, олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі іс-шараларды бірлесіп өткізу, сондай-ақ ынтымақтастық және бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу көзделген.

Жылы жүздесу спорттық жарыстарға жалғасты.Екі күндік іс-шараның бастауы Ақтөбе ферроқорытпа зауытында өтіп колледж оқытушылары мен студенттер кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігі, шығаратын өнімімен жақынырақ таныс өндіріс ошақтарын аралады. Ал білікті мамандар студенттерге шеберлік сабақтарын өткізді, өздерінің жұмыс істеу тәсілдерін, шеберліктерін ортаға салды.

Екінші күні зауыт басшысы Ержан Абдулабеков бастаған бір топ металлургтер колледжде болып, студенттердің оқу процесімен танысып, оқу корпустарын, зертханаларын, материалдық-техникалық базаларын аралап, білім ошағындағы білімді де білікті оқытушылардың құрамы және студенттерімен кездесті.