Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің мүшелері “ПАВЛОДАРЭНЕРГО ” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ шақыруымен Ертіс жағалауындағы көркем жерде орналасқан “ПАВЛОДАРЭНЕРГО” АҚ “Энергетик” профилакториясына барды.
“Энергетик” профилакториясының директоры Александра Вахрушева мен бас дәрігер Күнсұлу Аргинова ғимарат бойынша шолу экскурсиясын өткізді, оның барысында салалық, жергілікті және ірі бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағалары мамандардың ұсынылатын қызметтерімен, тұруға арналған нөмірлермен, емдеу рәсімдерінің түрлерімен мен таныса алды: массаж, физиотерапия, балшықпен емдеу, сумен емдеу, емдеу кабинетінің қызметтерімен, УДЗ-диагностика, сауна, бу балқарағай бөшкесі, ванналар, су астындағы душ-массаж, панта ванналары, стоматологиялық қызметтер, тамаша жоғары сапалы бес рет тамақтану.
Энергетиктерді тиісті сауықтыру емін тағайындау үшін терапевт, физиотерапевт, ЭКГ маманы қабылданады.
Профилакториядағы сауықтыру емдеу түрлеріне: массаждың 21 түрі, физиотерапияның 18 түрі, балшықпен емдеудің 3 түрі, су емдеудің 11 түрі, процедуралардың 4 түрі, ультрадыбыстық диагностиканың 10 түрі, стоматологиялық қызметтердің 26 түрі жатады.
“ПАВЛОДАРЭНЕРГО” АҚ профилакториясынан басқа энергетиктерді Ертіс өзенінің жағасындағы Мичурино ауылында Павлодардан 20 шақырым жерде орналасқан “Энергетик” демалыс үйіне балалармен отбасылық демалысқа, тимбилдинг, мерекелік іс-шаралар өткізуге шақырады. Мұнда энергетиктер үшін жыл бойы жайлы бөлмелерде тұру, теңдестірілген тамақтану, жазғы және қысқы демалыс түрлері, сауна, монша, бильярд, теннис үстелдері, атпен серуендеу, тир сияқты көңіл-көтеру жағдайлары да жасалған.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ басшылығы мен жергілікті кәсіподақ тарапынан Еңбек адамына деген қамқорлық ұжымдық шарт талаптарына сәйкес энергетиктердің сауықтыру демалысы мен емделуіне жеңілдікті жағдай жасаудан көрінеді», – дейді энергетика қызметкерлерінің өздері.