2023 жылдың қыркүйегінде Абай облысындағы іссапары кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин “Семей орманы МОТР” РММ Новошульба филиалында өртті сөндіру кезінде қаза тапқан орманшылардың отбасыларымен кездесті.
Кездесу барысында Бородулиха филиалының Камышен орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Виктор Құсайынов, Виталий Чемисов және ірі орман өртін сөндіру кезінде көміртегі тотығымен уланған Ержан Жайлаубаевқа “Щучинский” шипажайына тегін емделу үшін Кәсіподақтар федерациясынан жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеге 500 000 теңгеден сертификаттар табыс етілді.
Олардың барлығы 2024 жылдың қаңтар, ақпан айларында шипажайлық емдеуден өтті және емдеуден оралғаннан кейін ҚР Кәсіподақтар Федерациясына және Сатыбалды Дәулеталинге көрсеткен назары мен емдеуді ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс сөздерін айтты. Олар өз әсерлерімен былай деп бөлісті: “Барлығы ұнады, тамақтану өте жақсы және қызметкерлер сыпайы. Заманауи емдеу әдістерін қолдана отырып, өз жұмысын тез, кәсіби, сапалы орындайтын медицина қызметкерлерін ерекше атап өткіміз келеді. Спортзалдағы, теннис кортындағы, бассейндегі сабақтар, ашық ауада серуендеу, мұның бәрі көптеген жарқын әсерлер мен сергектік қалдырды”.
Орманшылар Щучье санаторийінің қызметкерлеріне де алғыс білдіреді.