ҚРКФ-да «Білім беру марафонының» үшінші кезеңі басталды

ҚР Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдары үшін “Білім беру марафонының” үшінші кезеңі басталды. «Еңбек шартын тоқтату негіздері. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері және тәртібі» тақырыбындағы онлайн-семинарға Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кәсіподақ құрылымдарының өкілдері қатысты.

Онлайн-кездесуді ҚРКФ ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары, еңбек қатынастары жөніндегі сарапшы, білім беру жобаларының үйлестірушісі Ләззат Езжанова ашты. Семинар спикері-Кәсіподақтар федерациясының лекторлар пулының мүшесі, Қызылорда облыстық Кәсіподақ орталығының бас маманы Майра Боранбаева Қазақстандағы еңбек қатынастарының мәнін түсіндірді. Спикер ҚР еңбек заңнамасы туралы егжей-тегжейлі айтып, еңбек шартының негізгі нормаларын және жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын тоқтату негіздерін айқындады.

” Қазіргі экономикалық жағдайларда еңбек қатынастары мәселесі ерекше өзекті болып табылады. Еңбек қатынастарын реттейтін ережелер арасында еңбек шарты институты айрықша орын алады. Бұл институт құрамында – еңбек шартын тоқтату және бұзу ережелері маңызды рөлді иемденеді. Осылайша, аталған норма арқылы жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қалыптастырады.Еңбеккерлердің құқығын қорғайтын мүдделі ұйым ретінде Кәсіподақ ұйымдарының мамандары үшін аталмыш тақырыпты меңгерудің маңызы зор.”, – деп атап өтті Майра Боранбаева.

Теориялық бөлімнен кейін семинар “сұрақ-жауап” форматында жалғасты. Семинарға қатысушылар еңбек заңнамасын нақты кейстерде қолдану практикасын қарауға және талқылауға мүмкіндік алды.

Естеріңізге сала кетейік, “Білім беру марафоны ” – ҚРКФ-ның төрт оқыту жобасының бірі үшінші жыл жүйелі негізде өткізіліп келеді. “Құқықтық сауаттылықты арттыру, заңнаманы қолдану тәжірибесіндегі дағдылар ұжымда әлеуметтік-әріптестік қатынастар мен еңбек процесін тиімді құруға ықпал етеді”, – деп атап өтті семинарға қатысушылардың өздері.